Get Mystery Box with random crypto!

«АДАМДАРДЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫСЫ! ОЛАР КІМДЕР?» Алла Елшісі (оған Аллан | Хабиба каналы

«АДАМДАРДЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫСЫ! ОЛАР КІМДЕР?»

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп және оны үйреткендерің» (Бұхари)

«Араларыңдағы ең жақсыларың – мінезі көркем болғандарың». (Бұхари)

«Сендердің ең жақсыларың - қарызды көркем түрде қайтарғандарың» (Бұхари)

«Сендердің ең жақсыларың - әйелдеріңе және қыздарыңа жақсы қарайтындарың». (Байхақи)

«Адамдардың ең жақсысы – өзгелерге пайдалы болғаны». (Табарани)

«Иманы кәміл мұсылмандар - ең көркем мінезділері, ал сендердің ең жақсыларың - әйелдеріңе жақсы болғандарың» (Тирмизи)

«Сендердің ең жақсыларың – мұқтажды тамақтандыратындарың әрі сәлем бергенде жауап беретіндерің» (Сахих әл-Жами')

«Адамдардың ең жақсысы – көршілеріне ең қайырлы болғаны» (Тирмизи)

«Адамдардың ең жақсысы - ұзақ өмір сүріп, сол уақытын жақсылық жасауға арнағаны» (Сахих әл-Жами')

Достардың ішіндегі ең жақсысы - өз жолдасына қарайласып тұратыны, ал Алла алдында ең жақсы көрші - өз көршісімен тату болғаны. (Сахих Адаб Муфрад, 84)

"Сендердің ең жақсыларың - жүрегі таза болғандарың және тілі шындықты айтатындарың. Саxабалар: "Тілі шындықты айтатын адамның жайы түсінікті, ал жүрегі таза адам қандай болады?" - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): "Ондай жүрек күнә, көреалмаушылық, қызғаныш пен жек көрушіліктен ада, таза болады. Бұл Құдайдан қорқатын жүректің иесіне тән қасиет", - деген. (Сахих әл-Жами')