Get Mystery Box with random crypto!

ҮШ АПТА ІШІНДЕ 82 МЫҢ ТАЛАПКЕР НАУРЫЗ ҰБТ-СЫН ТАПСЫРДЫ Наур | ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҮШ АПТА ІШІНДЕ 82 МЫҢ ТАЛАПКЕР НАУРЫЗ ҰБТ-СЫН ТАПСЫРДЫ

Наурыз айындағы ҰБТ басталғаннан бері 82 мыңға жуық адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 74,2% – ы қазақ тілінде, 25,7% - ы орыс тілінде, 81 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 73% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балды құрады.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Математика-Физика» және «Биология-Химия» комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 17%-дан тапсырды. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 12% таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 103 адам тапсырған.

Үш аптаның қорытындысы бойынша ең жоғары балл – 137. Жалпы, еліміз бойынша 59 тестке қатысушы 130 балдан жоғары жинады. Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі.