Get Mystery Box with random crypto!

ҮШ АПТА ІШІНДЕ 96 МЫҢ ТАЛАПКЕР ҚАҢТАР ҰБТ-СЫН ТАПСЫРДЫ Қаңт | ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҮШ АПТА ІШІНДЕ 96 МЫҢ ТАЛАПКЕР ҚАҢТАР ҰБТ-СЫН ТАПСЫРДЫ

Қаңтар айындағы ҰБТ басталғаннан бері 96 мыңға жуық адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 77,4% – ы қазақ тілінде, 22,5% - ы орыс тілінде, 57 талапкер ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 77% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балды құрады.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Биология-Химия» комбинацияларын таңдаған, нақтысында, 18%-ы тапсырды. «Математика-Физика» пәндерін 17% таңдаған. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 12% таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 108 адам тапсырған.

Толығырақ