Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ-НЫҢ ШЕКТІ БАЛДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ 2024 жылы Қазақстанның жоғ | ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҰБТ-НЫҢ ШЕКТІ БАЛДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

2024 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл өзгеріссіз, кемінде 50 балл және ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл болып қалды.

Алайда, оқуға түсу үшін 50-ден астам балл жинау қажет дайындық бағыттары бар. Ең жоғары шекті балл – кемінде 75 балл «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру бағдарламаларына түсу үшін бекітілген.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша оқуға шешім қабылдаған талапкерлер ҰБТ-да кемінде 70 балл жинауы тиіс. Ал ұлттық жоғары оқу орындарына «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» мамандығына түскісі келетіндерге кемінде 60 балл жинау қажет.

Толығырақ