Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ-ҒА ҚАНДАЙ ҚҰЖАТ АЛЫП КЕЛУ КЕРЕК ҰБТ-ға қатысу үшін тек | ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҰБТ-ҒА ҚАНДАЙ ҚҰЖАТ АЛЫП КЕЛУ КЕРЕК

ҰБТ-ға қатысу үшін тек бір құжат қажет, ол – жеке куәлік (немесе паспорт). Құжаттың өзін немесе eGov, Kaspi.kz және Halyk қосымшалары арқылы электронды форматын ұсынуға болады.

ҰБТ тапсыратын үміткерлер 16 жасқа толмаған тестіленушілер туу туралы куәлік және көлемі 3х4 түрлі түсті фотосы бар мектептен анықтама ұсыну қажет.

«Құжаттармен қоса, тестілеуге қатысушылар өздерімен бірге қалам алып келуі тиіс. Үміткерлерге су бөтелкесі мен шоколад кіргізуге рұқсат етіледі. Өзге заттарды алып кіруге тыйым салынған және оларды алып кіруге тырысу тестілеу ережелерін бұзу болып саналады. Жұмыс үшін парақтар емтихан орнында ұсынылады», - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кету керек, тестілеуге еркім киіммен қатысуға болады, бұл ҰБТ-дан барынша ыңғайлы өтуді қамтамасыз етеді.