Get Mystery Box with random crypto!

ЕҰУ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЭТНОСАЯСАТТАНУШЫ-МАГИСТРАНТТАРДЫ ДАЯ | ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ЕҰУ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЭТНОСАЯСАТТАНУШЫ-МАГИСТРАНТТАРДЫ ДАЯРЛАДЫ

ЕҰУ Қазақстанда алғаш рет «Этносаясаттану» инновациялық ғылыми-педагогикалық бағдарламасының магистранттарын даярлады. Жас ғалымдар этноменеджментті және халықтық дипломатияны зерттеуге бағытталған ғылыми жобаларын жалғастыруды көздеп отыр. Ұлттық университет жаңа оқу жылында бұл білім беру бағдарламасын докторантура деңгейінде іске қосады.

2021 жылы ЕҰУ этносаясаттану магистранттарын дайындауға арналған білім беру бағдарламасын алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азияда іске қосты. Екі жылдық оқу жүйесін университет оқытушылары барлық кәсіби стандарттарға сәйкес әзірледі. Қазақ, орыс және көптілді білім беретін топтар құрылды. Қазіргі таңда 21 адам этносаясат саласын меңгеруде. Олардың 4-і биылғы жылдың тұңғыш түлектері атанды.

Толығырақ.