Get Mystery Box with random crypto!

Әдеттегідей жұмыстарыммен жиналып паркингке түстім. Енді машин | Gulshat Baubek 🏆

Әдеттегідей жұмыстарыммен жиналып паркингке түстім.
Енді машинамның кілтін бұрай беріп едім машинамның екі айнасын да шешіп ұрлап кетіпті.
Енді не істеймін, мен енді қалай жүремін, жұмыстарымды бітіре алмайтын болдым ау деп тұрып қалдым.
Әкем келіп неге қарап жүрмейсің, алып кеткенін қалай байқамай қалдын деп ұрысты.
Негізі ешкім алмайтын еді, қалай болғанын білмей қалдым деп қайталай бердім.
Енді байқап жүр деп 2 айнаның орнына жаңа айна орнатып берді .
Бірақ олардың размері менің бұрынғы айнамнан едәуір үлкен екен.
Айналам жап жарық болып кетті, бәрі көрініп тұр, машинамды зырылдатып айдай жөнелдім.

Оянып кетсем түсім екен.
Әкеме Алланың мейірімі мен жәннатын тілеп дұға еттім.
Шешілмей жүрген сұрағым жақынарада шешіледі деп іштей жорыдым.
Бірақ оның қалай болатынына сол сәтте ешқандай жоспар да жорамал да болмады.

Рамазанның соңғы күні еді..

2 айнаны да алғанын байқамағаным қазіргі жағдайда бизнес партнёрімнің ісіне тұп тура келіп тұрғанын - ай дедім.
Ол туралы кейінірек сіздерге айтып берермін..

Араға 10 күн салып сол мәселем ойламаған жерден шешімін таба бастады.
Алла - ұлық
Әкемізді Алла Тағала жанын жәннатта қылсын

Жұма мүбарак