Get Mystery Box with random crypto!

Менің бала күнімдегі қара тышқан Шынымен батыр тышқан еді. Т | 💰GULMIRA QARASAI

Менің бала күнімдегі қара тышқан

Шынымен батыр тышқан еді. Түнде бәрі ұйқтап қалғанда тықырлататын-ау кеп. Тыныштықта тықырлаған дауыс қандай қатты естіледі. Мен тұрып тықырлатқан жерін ұрып-ұрып қоямын. Тоқтай қалады. Сәлден кейін тағы басталады.

Тышқанның мақсаты айқын болатын. Тамақ табу керек. Ұстап алады-ау, қақпанға түсем-ау, мысық келіп қалады-ау, өліп қаламын-ау демейді. Тәуекел деп тағы тықырлатуға көшеді.