Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ-ға қажетті 7 лайфхак Шпор жаз! Иә, қате естіген жоқсыз. | 📚GRANTS 2022 💛

ҰБТ-ға қажетті 7 лайфхак
Шпор жаз!

Иә, қате естіген жоқсыз. Шпор жаз деймін. Шпор сатып ал, шпорды принтерден шығарып ал, біреудікін ал деп тұрған жоқпын. Өз қолыңызбен ұмытпау керек ақпараттарды жазып шығыңыз. Жазған кезде көзіңіз арқылы, жазу арқылы, дыбыстау арқылы үш каналдан жаттайсыз. Есіңіңізде жақсы сақталады. Сол материалды әбден жаттаған соң шпор қағазын қоқыс жәшігіне лақтыра салыңыз.

Қиын болған сайын жақсы

Жайшылықта қиын тапсырманы шешіп үйрену керек. ҰБТ-да тапсырма: жеңіл-қиын-өте қиын деген деңгеймен келеді. Оның оңайын шемішке шаққандай шеше саласыз. Ал қиын тапсырманы сіз онсыз да шешіп үйренгенсіз.

Назар аудармауды үйреніңіз

ҰБТ-да клетканы толтырып бояудан қаншама оқушы қателеседі. Содан шатаспау үшін назарды жаттықтыру керек. Ол үшін ақ қағаз бен қалам алыңыз. Назарды қаламға аударып, сызыңыз. Басқа ойға ауысып кетсеңіз, төмпешік жасап кетіңіз. Егер үш минут бойы тегіс сызық сыза алсаңыз, кереметсіз!

Режим

Емтихан таңғы 9-да болатын болса, демек оған 7-де тұру керек. Ал оған дейін 1-2 ай таңғы 7-де тұрып үйрену керек. Соның режимін қалыптастырыңыз.

Бірінші жауап дұрыс

Тест жасап біткен соң қайта тексерген кезде күмән пайда болады. Мән бермеңіз. Бірінші берген жауабыңыз дұрыс.

Жаттығу

Емтиханға 3 сағат берілсе, демек үйде сол 3 сағатқа дайындалып үйрену керек. Кез келген ҰБТ парағын алып шеш. Сол арқылы шамаңды біле аласың.

Босаңсы

Босаңсу арқылы бәрін жеңіл атқаруға болады. Қатайып қалған адам суға батады, ал босаңсып тұрған адам су бетінде қалқып тұра береді.