Get Mystery Box with random crypto!

Сәлем, жазылман! Сіз сұрадыңыз, ал біз істедік ! Сәуірдегі к | GO VIRAL

Сәлем, жазылман! Сіз сұрадыңыз, ал біз істедік !

Сәуірдегі кездесуіміз қазақ тілінде өтпек! Алғаш рет қазақ тілінде ұйымдастырылып жатқан кездесуімізден құр қалмаңыз!

Егер сіз контент пен әлеужеліде өтімді жазба жасауға қызықсаңыз, онда осы шарамыз сізге арналады. Бейсенбінің кешін қызық кездесу мен пайдалы ақпарат алу үшін жұмсаңыз.

Бұл жолы біз қазақтілді контентмейкерлерге әлеужеліге арналған өнім жасауды үйретпекшіміз. Егер осыған дейін блогыңыз, парақшаңыз, подкастыңыз не кез келген өніміңізді әлеужеліге өтімді етіп өңдей алмаған болсаңыз, онда бізге келіңіз! Біздің спикеріміз сіздерге инстаграмда вирал (вирусты) контент жасауды үйретеді. 

Марғұлан Ақан - медиа және қоғаммен байланыс бойынша сарапшы, коммуникация саласында 10 жылдық тәжірибесі бар медиа-менеджер, Qadam және Bugin MEDIA жобаларының жетекшісі. 

: 28 сәуір
: 18.00-20.00
: American Space, Байзақов к. 280

Өтінішіңізге жауапты 26 сәуір аласыз. Тіркелу үшін сілметеме арқылы өтуіңізді сұраймыз.

#GoNight #GoViralCA