Get Mystery Box with random crypto!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы шетел а | gov4c.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы шетел азаматтарын қабылдайтын күшейтілген үш Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайларының өзгергені туралы хабарлайды.

Бұған дейін, шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты, Мемлекеттік корпорация, оларды арнайы күшейтілген орталықтарда қабылдау туралы шешім қабылдаған болатын.

Шетел азаматтарының жаппай келу легін ескере отырып, ХҚКО-лардағы кезекті азайту мақсатында Астана, Ақтөбе және Орал қалаларында шетелдіктерді қабылдайтын пунктілердің мекенжайын өзгерту туралы шешім қабылданды. Енді, шетелден келген қызмет алушылар «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметі бойынша төменгі мекенжайларға жүгінуіне болады:

Астана қ., Республика даңғылы, 34;
Ақтөбе қ., Тәтеұлы к-сі, 5;
Орал қ., Жәңгір хан к-сі, 160/4.