Get Mystery Box with random crypto!

Шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты Астана және | gov4c.kz

Шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарындағы ХҚО-лар күшейтілді.

Бұл шара ХҚО-да ЖСН алушылар кезегін азайтады. Енді қонақтар сегіз облыстағы арнайы күшейтілген ХҚО-ға барып, өздеріне қажетті қызметті ала алады.

Қалған ХҚО-лар штаттық режимде дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

Қонақтар «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электронды үкімет порталы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚО-ға кезекке тұру үшін алдын ала тапсырыс бере алады.