Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті клиенттер! МХҚО жұмысының артуына байланысты «Азам | gov4c.kz

Құрметті клиенттер!

МХҚО жұмысының артуына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 24 қыркүйектен бастап ондағы жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады. Енді еліміздің 20 МХҚО-сы сенбі күндері жұмыс істейтін болады.

Қажетті мемлекеттік қызмет туралы 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414Bot Telegram-боты арқылы білуге болады.

Еске саламыз, МХҚО-лар мемлекеттік қызмет бойынша өтінішті сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, ал құжаттарды 9.00-ден 15.00-ге дейін береді

Графикте барлық кезекші ХҚО мен МХҚО-ның мекенжайы көрсетілген. Есігіміз әрдайым ашық!