Get Mystery Box with random crypto!

​145 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ | География 24 hour📚

145 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтті. Тестілеу қорытындысы бойынша 88 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 60%-ын құрайды. Тестіленушілердің 57 187-сі немесе 39,4%-ы шекті балл ала алмады. Ең жоғары балды (140 балл) Павлодар қаласының талапкері жинады. 1923 оқуға түсуші 120 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Тестілеуді 109 693 немесе 75,5% түлек қазақ тілінде, 35 245 немесе 24,3% орыс тілінде тапсырды. ҰБТ орташа балы 69,08 балды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 5 балға жоғары. Түлектер ҰБТ-ны 4 рет тапсыратынын естеріңізге сала кетейік.

«Электрондық форматтағы тестілеудің бірқатар артықшылығы бар. Ол тестілеуді тапсырудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Біз нұсқалар мен дұрыс жауаптар кодтарының бірегейлігін ойластырдық. Яғни, әр нұсқа кездейсоқ таңдау арқылы өтініш беруші қосымшада рұқсат алған кезде жасалады. Бұл тест нұсқалары қайталануының алдын алып, дұрыс жауаптар кодтарының сәйкес келу ықтималдығын да жойды. Түлектер ҰБТ-ны бұрынғыдай бір аптаның көлемінде емес, екі айдан астам уақыттың ішінде тапсыра алады. Сонымен бірге түлектерге екі мүмкіндік берілген», –деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларға да жағдай жасалды. ҰБТ-ға мүмкіндігі шектеулі 90 бала қатысты. Олар үшін аудиториялар мен жеке көмекшілер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ 15-17 маусым аралығында ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін онлайн тестілеу өткізілді. Нәтижесінде өтініш берген 1143 адамның 994-і тестілеуге қатысты.

@bilim_jane_gylym