Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы 5 күн Соңғы түйенің жүгі ауыр болады дегенге келтіріп | География 24 hour📚

Соңғы 5 күн

Соңғы түйенің жүгі ауыр болады дегенге келтіріп , сұрақтар соншалық жаңармаса екен. Тым болмаса 6-7 сұрақ сливтен келсін


Тек жоғары балл жинаңыздар, ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар.


Қорқамын деп , өз-өздеріңізді жоғалтып алмаңыздар. Үнемі естеріңізде болсын , алға ұмтыла беру керек !

ҰБТ жоғары балл жинай алмай қалдыңыз делік! Бірақ сіз үшін барлығы аяқталып қалмайдығой .
Мысалы елестетіп көрелік. Келе жатырсыз ұзынан-ұзын созылған дәліз бар делік. Әртүрлі есіктер тұр. Сыртындағы тақтайшаларға отбасы, достар, ҰБТ, бизнес, жеке даму, колледж, тіл үйрену , дипломсыз жұмыс тағы да басқа сөздер жазылған. Сіз ҰБТ деп жазылған есікке кірмек болдыңыз. Есігі ашылмайды. Ары-тарттыңыз бері тарттыңыз, ақылмен ашпақшы болдыңыз. Сонда-да ашылмады. Сіз не істейсіз?
- Жылайсызба, қайғырасызба?
Ол есік ашылмаса ашылмай кетсін. Айналаңызда басқа есіктер өте көп. Қалағаныңызға аяқ басып кіре аласыз. Өзіңіз қалаған нәрсені жасай аласыз. Білім аламын десеңіз КОЛЛЕДЖ, Ақылы оқу бар. Бизнес бастаймын десеңіз , бастаңыз! Алдымен қара жұмыс істеп-ақ бизнесіңіздің алғашқы бастамасын жасап алыңыз. Сіздің қолыңыздан келеді. Ешқашан өз-өзіңізге сенімділігіңіз төмендемесін. Есіктер ашылмаған сайын сіз шыңдала бересіз. Шыңдала келе , сізді есік алдында "Құрметтім мұнда жүріңіз, кіріңіз" - деп қарсы алатын деңгейге де жетесіз