Get Mystery Box with random crypto!

Мен қартаю сияқты тақырыптарда тереңінен ойланып көрмеппін. Ту | ғажайып

Мен қартаю сияқты тақырыптарда тереңінен ойланып көрмеппін. Туған атам мен әжемді көре алмадым. Ата мен әженің ертегі айтатынын, тығып кәмпит, шоколад беретінін, қолдарының жұмсақ болатынын тек естідім. Олармен не әңгіме айтуға болатынын да білмейтінмін. Ал жұмыс жасап бастағанда көптеген ата-әжелермен таныстым. Сол кезден бастап қарттық кезең туралы ойға батып кете беремін.
Ата мен әже. Олардың әжім түскен беттері мен жұмсаақ қолдары тым нәзік. Айтар алғыстары мен берер батасы шаршағанымды бір сәтте ұмыттырып жібереді. Әрбірінің өзіндік өмір жолы мен бөлісер ақылы бар. Адам қартайған сайын шынында бала сияқты болады екен. Кейде тым асығыс, кейде ашушаң, кейде көңілшек, көбіне дана.

Оларға қарағанда "бір күні мен де қартаямын" деген ой келді. Бірнеше апта "мен қартайғым келмейдіі" деп жүрдім. Бірақ мәңгі жастық ешкімге берілмеген, егер маған сонша жыл өмір сүру берілсе мен де әже атанамын. Қартаю кезінде бетке әжім түсіп, қолдар жұмсаақ, сезімтал болады. Жүру қиындап, аурулар көбейеді. Күш азайып, қалағаныңды жасауды айтпағанда, тамақтану сияқты қарапайым қажеттіліктерді істеу қиындайды. Адам жасы ұлғайған сайын болашақты армандауды азайтып, өткенді көбірек ойлайтындай көрінді. Мен.. сондай бір күн бұйырса.. өткенімді ойлағанда қандай күй кешеді екенмін? Мен сол кезге дейінгі өткізген өмірімді қуанышпен еске аламын ба? Өмірді уақытым көөп сияқты сүргім келмейді. Көп нәрсені кейінге қалдырып, дәл осы сәтте болуды ұмыта беруден шаршадым. Бақытты сәттерімді байқамай, өтіп кеткен соң сағынып отырғым келмейді. Егер қартайсам әдемі қартайып, әже болсам дана әже болайыншы

Ал @japyrak жазбаларының бірінен мынадай ой түйдім:
<< Даналық жас ұлғайғанда сыйлық ретінде берілмейді. Ол тәжірибе мен қателіктерден сабақ алу арқылы құралады. >>

Қорқыныштың арғы бетіне қадам басатын сәт. Жастық шағынды өкінбестей өткізер сәт. Денсаулығына қамқор болатын, білімге инвестиция құятын сәт. Ертең еске алып отыратын естеліктерді жасайтын сәт

- Бұл сәт қашан келеді?
- Егер күтсең ешқашан келмейді.