Get Mystery Box with random crypto!

Мирас Жүгінісов пен НАZИМА-ның арасында не бар? Наурыз айынд | Gakku TV

Мирас Жүгінісов пен НАZИМА-ның арасында не бар?

Наурыз айында Мирас пен Назима күтпеген жерден фит жазғандарын мәлімдеп еді. Нақтырақ айтсақ, жаңа туындыларының сниппетімен бөлісті. Өте ерекше коллаборация. Фит жазуға ұсынысты Мирас жасапты. Тректің атауы “Таптым”. Өте романтикалық туынды.

Күні кеше олар әнге бейнебаян түсіруді бастап кетті. Туындының сюжеттік линиясы бар. Назима мен Мирастан бөлек, бірнеше актерлар бөй көрсетпек.

Айтпақшы, трек 14 сәуір күні жарық көрмек. “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” ғашықтар күні қарсаңында. Егер, ғашықтық сезімдерді басыңыздан кешіргіңіз келсе, жуырда жарық көретін “Таптым” трегін тыңдап көріңіз. Релиз күтесіз бе?