Get Mystery Box with random crypto!

Әсел Сәдуақасованың сүйіктісі кім? Жеке өмірін жасырын ұстайт | Gakku TV

Әсел Сәдуақасованың сүйіктісі кім?

Жеке өмірін жасырын ұстайтын Әсел Сәдуақасованың сүйіктісі кім екені белгілі болды. Ол маркетолог Мағжан Тілеуханов. TikTok желісінде Балиде демалып жатқан екі ғашықтың видеолары таралды.

Одан бөлек, Әсел мен Мағжан желіге бірдей видео жүктеп, қарым-қатынастарын растағандай. Жұпты таныстырған жігіттің досы Арман Юсупов екен. Айта кетейік, Әсел Мағжаннан 7 жасқа үлкен.

Естеріңізге салсақ, Әсел ақпан айында сүйіктісімен айырылысқанын айтып, “Мен басқа жігітке ғашықпын. Бұрын соңды мұндай сезім мен эмоцияны бастан кешірген емеспін”,-деген еді. Өз жартыңызды жолықтырмаған болсаңыз, жұғысты болсын! Әсел мен Мағжанға бақыт тілейміз!