Get Mystery Box with random crypto!

Әли Оқаповтың ұлының бесік тойы Күні кеше Әли Оқапов сәбиінің | Gakku TV

Әли Оқаповтың ұлының бесік тойы

Күні кеше Әли Оқапов сәбиінің бесік тойын өткізді. Алғаш рет жары Ақерке Бүркітбаймен және сәбимен түскен фотосын жариялады.

Еске салайық, 22 ақпан әнші әке атанғанын растаған болатын. Бұған дейін Әли де, Ақерке де жеке өмірлерін құпияда ұстады. Сәби дүниеге келгенде қуанышы ішіне сыймай, ақпаратпен бөлісуді жөн көрген.

Бесік тойға Әлидің жақындары мен достары жиналды. Роза Рымбаева тұңғыш немересінің тойында ән айтты. Сәбидің есімін Зейін деп қойыпты. Олай болса, Роза ханымды және Әлиді қуаныштарымен құттықтаймыз!