Get Mystery Box with random crypto!

RaiM-ның кеші қалай өтті? Заманауи қазақ музыкасына жаңа леп | Gakku TV

RaiM-ның кеші қалай өтті?

Заманауи қазақ музыкасына жаңа леп алып келген RaiM Алматы қаласында алғашқы жеке ән кешін өткізді. Кеште әнші өзінің «4 Dongelek”, “Bestseller” үнтаспаларындағы тректерін орындап, тыңдармандарымен тілдесті.

Махаббат жайлы да жиі әңгіме қозғады. Және жары Еркеге тосын сый жасады. Кеште “Дем” трегі орындалғанда, экранда жары Ерке Есмаханмен 2018 жылдан бері түскен фотолары көрсетілді.

Кеш қонақтары да ерекше атмосфера сыйлады. Олар Қазыбек Құрайыш және Turar Ydyrys. 5 наурызда басталған турдың нүктесі кеше қойылды. Бұдан бөлек RaiM Атырау, Астана, Қарағанды, Шымкент, Петропавл қалаларында және Монғолияда концерт берді. Барлық жерде sold out болған. Мысалы, кешегі кешке 5 мыңдай адам жиналды. Олай болса, әншіні құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!