Get Mystery Box with random crypto!

ALPHA келісімшарттарын тоқтатты Күтпеген жаңалық. Alpha мен | Gakku TV

ALPHA келісімшарттарын тоқтатты

Күтпеген жаңалық. Alpha мен TEN LABEL арасындағы келісімшарт тоқтатылды. Бұл туралы олар инста парақшаларында мәлімдеді.

“Бүгін біз TEN LABEL мен ALPHA арасындағы эксклюзивті келісімшарт 2023 жылдың 23 ақпанында тоқтатылғанын ресми түрде хабарлығымыз келеді.”,-деп жазды.

Қысқы демалыстан кейін, бойзбэнд продюсерсіз және келісімшартсыз жұмыс істеуге шешім қабылдапты. Продюсер келісімін беріп, алдағы жұмыстарына кедергісін келтірмейтінін айтыпты. Және барлық авторлық құқықтар топтың меншігінде қалған.

Естеріңізге салсақ, топ 2021 жылы дебют алған еді. Сол уақыттан бері көптеген бейнебаяндар, фан кездесулер өткізіп, түрлі үлкен сахналарға шығып үлгерді. Бүгінде Alpha-ның ресми инста парақшасындағы барлық фото, видоелар жойылды.Себебін кейін түсіндіре жатар. Әзірге алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
https://www.instagram.com/p/CpKIdU_oFUR/?igshid=NTdlMDg3MTY=