Get Mystery Box with random crypto!

Жұлдыз Әдікәрімова кино алаңына оралды. 16 ақпаннан бастап кө | Gakku TV

Жұлдыз Әдікәрімова кино алаңына оралды.

16 ақпаннан бастап көрсетіліп жатқан “Робот әйел” картинасын тамашаладыңыздар ма? Фильм камедия жанрындағы отбасылық құндылықты насихаттайтын туынды. Басты рөлдегі роботтың рөлінде Жұлдыз Әдікәрімова. Актрисаға ұсыныс түскенде кейіпкердің ерекше образы мен сценарийі ұнаған. Алайда, еш эмоциясыз рөлді сомдап шығу оңайға соқпапты.

Картинаның сюжеті бойынша жас робототехник ауылға өзінің жаңа өнімін алып келіп, тексерістен өткізеді. Қуандық Шәкіржанов ауыл тұрғынының рөлін сомдайды. Шытырман оқиға сол жерде өрбиді. Түсірілім 20 күнге созылған. Ал, дайындық жұмыстарына 3 айға жуық уақыт кетіпті.

Картинаның режиссеры Бақытжан Жиеналының айтуынша, фильмді көргеннен кейін тек күліп емес, ой түйіп шығасыз. Сондықтан, бағасын беруге асығыңыздар!