Get Mystery Box with random crypto!

Turar жаңа есіммен оралды Желтоқсан айында продюсерімен жұмыс | Gakku TV

Turar жаңа есіммен оралды

Желтоқсан айында продюсерімен жұмысты аяқтаған Тұрар comeback жасады. Күні кеше жаңа бейбаянының тұсауын кесті. Туындының атауы “Mundy Olen”. Барша қазақ қыздарына арналады.

Бейнеклипті 20 млн теңгеге түсіріпті. Продюсерінен кеткеннен кейін Тұрарға оңай болмаған. Себебі, YouTube-тағы бейнебаяндары жойылып, барлығын басынан бастап жатыр. Жанындағы достары мен әріптестерінің қолдауымен осыдан 1 жыл бұрын жоспарлаған ісін жүзеге асырған. Идея авторы және режиссеры әншінің досы Самат Сыржанов. Бейнеклипте қазақ қызының әр кезеңдегі өмірі бейнеленеді. Тұсау кесерге жиналған көрермен бір сәтке ойға батып, көздеріне жас алды. Атйпақшы, Тұрардың өзі бейклипке түспеген.

Алдыңғы әндерін айта алмаса да, жаңа тректерімен Тұрар 12 наурыз күні жеке ән кешін өткізбек. Олай болса, 2Rar енді жоқ. Turar-дан жаңа хит күтеміз. “Mundy Olen” туындысын тыңдап, бағасын беруді ұмытпаңыздар!