Get Mystery Box with random crypto!

Ray үйленді ме? 2023 жыл бастала салысымен шоу-бизнестегі бой | Gakku TV

Ray үйленді ме?

2023 жыл бастала салысымен шоу-бизнестегі бойдақтар саны азайып жатыр. Күні кеше Ray сүйінші жаңалықпен бөлісті. Ануар инста парақшасына қалыңдықпен түскен фотосын жүктеп, таң қалдырды.

Сүйіктісін алғаш желтоқсан айында көрсетіп еді. Нақтырақ айтсақ, “Mahabbatym-ai” туындысына түсірілген Mood Video-ға Жаниямен бірге бой көрсетті. Ару өнерден алыс емес, ән айтады. Той қашан болады екен? Нақты ақпаратты Ray өзі жақында айта жатар. Екі ғашыққа бақыт тілейміз!