Get Mystery Box with random crypto!

Qanay үнтаспа шығара ма? Ойламаған жерден кеше Kalifarniya жа | Gakku TV

Qanay үнтаспа шығара ма?

Ойламаған жерден кеше Kalifarniya жақсы жаңалықпен бөлісті. Фархат инста парақшасында Нұрболат Қанайдың үнтаспа жазып жатқанын айтты.

Расымен, Qanay студияда ән жазуда. Бірақ, ашып ештеңе айтпады. Нақты ақпарат белгілі болғанда бөлісіп қалар.

Өткен жылы Нұрболат үнтаспадағы әр әнін жеке шығаруды жөн көрген еді. Және туындыны болашақ сүйіктісіне арнады. Ал, биыл толық альбомның тұсауы кесілетін секілді. Былтырғы жылдағыдай 2023-те әнші белсенді болады деп сенеміз.