Get Mystery Box with random crypto!

Ali Okapov comeback жасайды Жаңа деммен жуырда Әли Оқапов жек | Gakku TV

Ali Okapov comeback жасайды

Жаңа деммен жуырда Әли Оқапов жеке шығармашылығын қолына алмақ. Әнші инста парақшасында “Comeback жасайтын кез келді”,-деп жазды. Көктемде ән жазып, оған би қойып, жақсы видео түсіретін жоспары бар екен. Расымен, Әлидің биі мен әнін сағынған тыңдарман саны аз емес.

Өткен жыл Оқапов үшін жарқын өткенмен, өзінің жеке шығармашылығына қатысы жоқ жобалармен айналысқан. “Әртіс екенімді ұмытпадым. Әрекет ететін кез келді”,- дейді әнші. Сонымен қатар, биыл үнтаспа шығаратын ойы бар екенін де айтты.

Айта кетейік, былтыр Әлидің шығармашылығына 10 жыл толды. 2012 жылы “Арманға” атты дебюттік бейнебаяны жарық көріп еді. Естеріңізде ме? Олай болса, келесі релизді асыға күтеміз!
https://www.instagram.com/p/CoUcQ2lM3vU/?igshid=NTdlMDg3MTY=