Get Mystery Box with random crypto!

«Сондай-ақ, Ол сендерге сұрағандарыңның бәрін берді. Егер Алл | gafurgooy

«Сондай-ақ, Ол сендерге
сұрағандарыңның бәрін берді. Егер Алланың нығметтерін есептейтін болсаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында, адам өте әділетсіз, әрі шүкірсіз» (Ибраһим сүресі,34 аят)

Сондай-ақ Раббыларыңның "егер шүкір етсеңдер,нығметімді арттырамын,ал егер жақсылықтың қадірін білмесеңдер,онда азабым расында да тым қатты" деп жар салғанын естеріңе алыңдар. (Ибраһим сүресі,7 аят)

Сол нығметтердің бірі денсаулық пен бос уақыт. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Адамдардың көбі екі нығметтің қадірін дұрыс білмейді. Олар – денсаулық пен бос уақыт» деп, осы айтылған екі нығметтің әрдайым назардан тыс қалатындығын үмметіне ескерткен.

Мұсылман пенде нығметке қуанып, қандай да бір табысқа жетістікке жеткенде, Аллаға шүкіршілік етіп, мадақтап, ұлықтауы керек.Алла Тағала бізді нығметтеріне шүкіршілік ететін пенделерінен етсін.