Get Mystery Box with random crypto!

«Цифрлық офицерлер» байқауының мерзімі ұзартылды Егер сіз ә | Gov2Jastar

«Цифрлық офицерлер» байқауының мерзімі ұзартылды

Егер сіз әскердің ескірген негіздерін ауыстырғыңыз келсе, оның тиімділігін арттырып, бар процестерді жақсартқыңыз келсе, онда сізді «Цифрлық офицерлер» конкурсына қатысуға шақырады.

Конкурстық іріктеу 15 қыркүйекке дейін ұзартылады.

Сіздің қазіргі лауазымыңыз бен шеніңізге қарамастан, сәтті өткен жағдайда, сіз штаб бастығының орынбасары немесе Қорғаныс министрлігі департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындаласыз.

Іріктеуге ҚР ҚК-де 5 жылдан астам тәжірибесі бар бұрынғы және әрекеттегі офицерлер жіберіледі және бұл жалғыз талап.

Іріктеу ашық болады және онлайн-платформада бірнеше кезеңде өтеді:
- НҚА бойынша тест;
- IQ тесті;
- психометриялық тест;
- таныстыру.

Үздік үміткерлер тәуелсіз комиссиямен және ҚР ҚМ басшылығымен әңгімелесуге шақырылады.

Маңызды: IT саласында білім алудың қажеті жоқ. Іріктеуден кейін екі айлық білім беру семинары ұйымдастырылады.

Толығырақ телефон арқылы:
+7 (7172) 72 14 15 (іш.46147).

@G2Jastar