Get Mystery Box with random crypto!

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: жастар үшін | Gov2Jastar

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: жастар үшін маңызды тұстары

Қазақстанда балаларға арналған Ұлттық қор пайда болады

Оған жыл сайын ҰҚ инвестициялық табысының 50% аударылады

«Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан, мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын», - деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында.

Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалатын болады.

@G2Jastar