Get Mystery Box with random crypto!

ЖАС ШАҒЫНДА ҚҰРАН ЖАТТАҒАН АДАМДЫ АЛЛА ҚАРТТЫҚТЫҢ АЗАБЫНАН САҚ | FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

ЖАС ШАҒЫНДА ҚҰРАН ЖАТТАҒАН АДАМДЫ АЛЛА ҚАРТТЫҚТЫҢ АЗАБЫНАН САҚТАЙДЫ!

Кәріліктің зиянынан, алжудан, қартайған кезде қадірсіз болып қалудан қорқасыз ба?

Иә, әр адамның қауқар қайтып, күш кемігенде абыроймен қартайып, қадірлі қартқа айналғысы келетіні анық.

Ол үшін не істемек керек?
Бұған жауапты дана қазақ «Жасында байқары жоқтың қартайғанда айтары жоқ» деп бұрыннан-ақ айтып кеткен.

Ал сахабалардың бірі Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Кім Құранды толық жаттаса, ол қарттықтың қалжырауына ұшырамайды», - деген.
Ибн Аббас пен Икрима «Тин» сүресіндегі «Біз адам баласын ең көркем бейнеде жараттық. Сосын оны төмендердің төменіне қайтарамыз. Бірақ иман келтіргендер мен ізгі іс істегендер басқа. Оларға таусылмайтын сый бар» деген аяттарды келтіре отырып, мұндағы «төмендердің төмені» дегеніміз кәрілік деп тәпсірлейді.

«Бірақ иман келтіргендер мен ізгі іс істегендер басқа. Оларға таусылмайтын сый бар!» Яғни Құран оқушылар басқа. Оларға зиян тимейді.
(Сахих әт-тарғиб 1434)

#Құранескерту