Get Mystery Box with random crypto!

ШЫНАЙЫ ҚАЛАУ МЕН УАЙЫМ БА ⠀ 'Құран менен алыстап кетті' ,' | FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

ШЫНАЙЫ ҚАЛАУ МЕН УАЙЫМ БА

"Құран менен алыстап кетті" ," Құранға уақыт бөле алмай жүрмін", "Білемін, бірақ жасамаймын" деген хаттар көп келуде. Осыган қарасты өзімізге мынадай сұрақ қояйықшы

МЕН ШЫНАЙЫ ҚҰРАНДЫ ОҚЫП, ЖАТТАҒЫМ КЕЛЕ МЕ?

МЕН ҚҰРАНДЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМ?

ҚҰРАН МЕН ҮШІН ҚАНДАЙ ОРЫНДА?

ҚҰРАНДЫ ЖАТТАП/ОҚУ АРМАНЫМ БА ӘЛДЕ МАҚСАТЫМ БА?

Осы сұрақтарға ШЫНАЙЫ ӨЗІҢІЗДІ ТАРАЗЫҒА салыңыз.

Біз көбінде "Түү, Құран оқуым керек еді, жаттауым қалып барады" деген ой болуы мүмкін. ОЛ ШЫНАЙЫ УАЙЫМ ЕМЕС

Немесе "бүгін шаршадың ғой, ертең жаттайсың", "жол жүрдің ғой, бүгінге ештеңе етпес" деген сынды АҚТАУЛАР. ОСЫДАН КЕЙІН БІЗДЕ ШАРАСЫЗДЫҚ ОРЫН АЛАДЫ. НЕГІЗІНДЕ БІЗ ШАРАСЫЗ ЕМЕСПІЗ
БІЗ ДҰҒАСЫЗ ЕДІК...

Сонда не істемек керек

ШЫНАЙЫ УАЙЫМЫ БАР АДАМ ҮНЕМІ АЛЛАДАН КӨМЕК СҰРАЙДЫ, ЖАЛБАРЫНАДЫ, ДҰҒА ЕТЕДІ, ІСІН ЖЕҢІЛДЕТІП, РЕТТЕЛУІН СҰРАЙДЫ.
ШЫНАЙЫ УАЙЫМЫ БАР АДАМ АЛЛАНЫҢ СҮЙІКТІСІ БОЛУДАН ҚАЛЫС ҚАЛУДАН ҚОРЫҚҚАН КҮЙДЕ КҮН КЕШЕДІ.

ЕСТЕ САҚТАЙЫҚШЫ
ҚҰР УАЙЫМ - ештеңені шешпейді. Энергияңды сорады, өз - өзіңді кінәлі сезіну, ұялу.... Соңында Құранды мүлдем тастап қоюға әкеп соғады Алла сақтасын.

Сол себепті, ӘРДАЙЫМ ДҰҒА, ШЫНАЙЫ УАЙЫМ, ҚҰРАНҒА ИМАН ЖӘНЕ ТЫРЫСУ МЕН БЕРІЛМЕУ, ӨЗІҢДІ ӘР КҮН ҰШТАП ОТЫРУ, ӘРЕКЕТКЕ ШАҚЫРУ.

#Құранескерту