Ақшам намазының кіруімен, Зулхиджа айының тоғызы – Арапа к | FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹
Ақшам намазының кіруімен, Зулхиджа айының тоғызы – Арапа күніне жақындап келеміз. Осы орайда Арапа күнінің артықшылығы мен бұл күні атқару абзал салынған амалдар туралы алты мәліметті бөліспекшіміз.
⠀
АРАПА - жылдың ең таңдаулы күндерінің бірі
⠀
Әнәс ибн Мәлік (радиаллаһу әнһ) жеткізген хадисте: "Арафа (күнінің) артықшылығы он мың күннің орнына татиды».
⠀
әт-Тарғиб, 2/200; Ләтәифул-Мағариф, 460
⠀
АРАПА ОРАЗАСЫ екі жылдық күнәлардың өтеуі
⠀
"Арапа күнгі ораза үшін өткен жылғы және келер жылғы (екі жылдық кіші) күнәларын кешіруді Алладан үмітпен тілеймін..."
⠀
Имам Мүслім, Абу Дауд, 2425; Насаи, 2384
⠀
Ең абзал дұға – АРАПА күнінде
⠀
Абдулла ибн Амр (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте: «Ең жақсы дұға – бұл Арапа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арапа күні айтқан ең жақсы дұға:
⠀
«Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті», - деген.
⠀
Тирмизи, 534/5, 3585
⠀
Арафа күні айтылатын дұға: Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир.
⠀
ТОЗАҚТАН адамдар босатылатын күн
⠀
Айша (радиаллаһу әнһә) Алла Елшісінің былай дегенін баяндаған: «Алла Өзінің көп құлдарын Тозақ отынан босататын Арапа күніндей басқа күн жоқ. Ақиқатында, Ол (оларға) жақындайды, ал содан соң періштелердің алдында: «Олар нені қалайды?» деп мақтанады». (Муслим, 1348)
⠀
Шайтанның қорланатын күні
⠀
Алла Елшісі айтады: «Шайтан Арапа күнінен басқа күндерде мұншалықты қорланған, жәбірленген, әлсіз, өшпенді күйде көрінбейді.»
⠀
Муатта, қажылық 1/422; ибн Мәжә, 3013
⠀
КЕШІРІМ күні
⠀
Алла Елшісі айтады: "Бұл күні өзінің қос құлағы, көзі не тілімен де харамға қол салмаған адамның күнә-кемшіліктері кешіріледі».
⠀
Муснад Ахмад сенімді тізбекпен; Мәжма’уз Зәуәйд, 3/251