Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдерінің Өзбекст | Фонд «Даму»

Бүгін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдерінің Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары өтті. Сапар аясында Қордың Ташкенттегі қазіргі серіктесі – «Махаллабай жұмыс және кәсіпкерлікті дамыту агенттігімен» кездесу өтіп, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлерді оқыту бойынша өзекті мәселелер, сондай-ақ өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жоспарлар талқыланды.

Мұнымен қатар, Қор өкілдері – Басқарма төрайымының орынбасары Бақытжан Мақажанов пен Несие алу және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Арсен Мұстафин Самарқан қаласында өткен Еуропа Қайта Құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) дәстүрлі отыз екінші жиналысына да қатысты. Онда «Даму» Қоры мен ЕҚДБ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпорындарды қаржыландыру саласындағы бірлескен ынтымақтастықты іске асыру, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігі мен «жасыл» жобаларды қолдауды көздейді.