Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті Көкшетау қаласының кәсіпкер арулары! Сіздерді 25 мам | Фонд «Даму»

Құрметті Көкшетау қаласының кәсіпкер арулары!

Сіздерді 25 мамыр күні сағат 14:00-де Frankfurt School of Finance & Management компаниясының Еуропа Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп ұйымдастырған «Әлеуметтік желі арқылы бизнесті дамытамыз» атты цифрландыру семинарына шақырамыз.

Семинарда бизнесіңізді дамыту үшін әлеуметтік медиа ұсынатын мүмкіндіктер, instagram көрсеткіштері жайлы хабардар болып, авто-ұйық деген не және не үшін қажет екенін біле аласыз.

Сонымен қатар, бизнестегі әріптес, серіктестер санын арттырып, ісіңізді одан әрі дамыту үшін ЕҚДБ-дан қалай қолдау алуға болатыны жайында ақпарат алып, бизнестің тиімділігін арттыруға берілген мүмкіндіктерді пайдаланып қалыңыз.

Семинарға қатысушылар алдын ала тіркелу қажет. Ол үшін сілтемесі бойынша whatsapp-қа немесе d.zhaxynbek@int.fs.de эл. поштасына аты-жөні, телефоны, email, кәсіпорын атауы, саласы, БСН/ЖСН жіберуді сұраймыз.

Іс шара өтетін күн мен уақыт:

25 мамыр сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін.
Көкшетау қаласы, А. Құнанбаев көшесі, 106 («Kokshetau Hotel» қонақ үйінің конференц-залы)