Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары! 5-6-7 мамыр күндері | Фонд «Даму»

Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары!

5-6-7 мамыр күндері «Атакент» көрме орталығының 11-павильонында өтетін қазақстандық өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM» атты республикалық ірі көрмесіне міндетті түрде келіңіздер!

Қызықтың бәрі осында!

Егер кәсіпкер болсаңыз және кәсібіңізді дамытуға септігі тиетін мәлімет іздеп жүретін, оқу-білімге құштар жан болсаңыз – конференц залда:
«Азық-түлікті Араб елдері мен Катар нарығына шығару тәжірибесі» атты презентация;

«Бизнесіңіздің киберқауіпсізігі» атты тренинг;

«Тұрғын үй мен бизнеске арналған заманауи жабдықты қалай тиімді сатып алып, кэшбекке ие болуға болады?», «Брендті іске қосу және өнім жасау», USAID кәсіпкерлік және бизнес-ортаны дамыту жобасы секілді көптеген тақырыптағы шеберлік сабақтары кәдеңізге жарайтыны анық.

Қазақстанның бар өңірінен әкелінген отандық өнімдерді өз бағасына сатып алу мүмкіндігі күнде бола бермейді. Көрменің алғашқы күні бас сахнада қазақстандық өндірушілердің тіккен киімдерінен сән көрсетілімі де өтеді.

Ал көрменің екінші күні азық-түлік алып келген компаниялар өнімдерін «Халық Таңдауы» дегустация байқауына ұсынады. Сіз қаймақ, балмұздақ, жент, құрт секілді тағамдардың дәмдісін ауыз тие жүріп анықтайсыз, ал біз – үздік өндірушіні марапаттаймыз.

Сахна қалған уақытта өнерпаздардан босамайды. Ән тыңдап қайтыңыз.

Көрмеде кездескенше!