Get Mystery Box with random crypto!

Ұлттық экономика министрі Жамбыл облысының кәсіпкерлерімен шағ | Фонд «Даму»

Ұлттық экономика министрі Жамбыл облысының кәсіпкерлерімен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

Өңірге жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шараға Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанова қатысты.

Жиында ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету, бизнесті субсидиялау және несиелендіру, Салық кодексін жетілдіру мәселелері көтерілді.

Атап айтқанда, құс фабрикасының басшысы Фарида Жүнісова орта бизнес үшін штаттың максималды санын қайта қарап, оны ұлғайтуды сұрайды. Бүгінгі таңда лимит 250 адамды құрайды.

Министр атап өткендей, бұл мәселені бүгінгі таңда жаңа Салық кодексі шеңберінде жұмыс тобы талқылауда. Оны зерделеу қажет.

«Қордай Жем ӘКК» ӨК төрағасы Талғат Сәрсембаев кооперацияларды қолдауды сұрады.

Ведомство басшысының айтуынша, қолдау құралының бірі «Ауыл аманаты» жобасы болады. Оның шеңберінде жеке қосалқы шаруашылықтарға жылдық 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген микронесие беріледі. Сонымен қатар, сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру, техника, жабдық лизингі және т. б. қамтамасыз етіледі.

Басқа кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, ҚҚС (қосылған құн салығы) және КТС мөлшерлемелерін саралауға, ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдануға, жеңіл өнеркәсіпті дамытуға және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға байланысты өз мәселелерін шешу үшін ҰЭМ-ге жүгінді.

Әлібек Қуантыров мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап, кәсіпкерлер айтқан кейбір ұсыныстар мұқият қаралатынын атап өтті. ҚР ҰЭМ құзыретіне жатпайтын проблемаларға келсек, олар тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі «Даму» қорының облыстық филиалына және ТМРК Жамбыл облысы бойынша департаментіне барды. Онда атқарылған жұмыстар туралы есептерді тыңдап, ағымдағы жылға нақты тапсырмалар берді.

http://t.me/presseconomy