Get Mystery Box with random crypto!

«Бәйтерек» холдингінің он жылдық мерейтойы аясындағы Алматы жа | Фонд «Даму»

«Бәйтерек» холдингінің он жылдық мерейтойы аясындағы Алматы жартылай марафоны

Биыл «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылғанына он жыл толды. Осы мерейтой құрметіне «Даму» Қоры, Холдинг пен оның еншілес ұйымдары – «Отбасы банк» АҚ, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «Береке банк» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметкерлерінен құралған команда биыл алтыншы рет өткен дәстүрлі «Almaty Marathon» жартылай марафонына қатысты.

Холдингтің 34 қызметкерден тұратын құрама командасы 10 км және 21 км қашықтыққа жүгірді.

Жыл сайынғы жартылай марафон дәстүрі бойынша біздің команда тұңғыш президент саябағынан, орталық стадиондағы мәреге дейін жетті.

Алматы жартылай марафонына қатысу бүкіл командаға жарқын эмоция сыйлады және холдинг қызметкерлерінің корпоратив рухын көтерді деуге болады. Мұндай игі іс-шаралар жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз.

Холдингтің тату командасы бастаған жарыстың жарқын сәттерін біздің видеодан тамашалаңыз.