Get Mystery Box with random crypto!

«Даму» Қоры Алматы облысында жаңа филиал ашты Бүгін Қонаев қа | Фонд «Даму»

«Даму» Қоры Алматы облысында жаңа филиал ашты

Бүгін Қонаев қаласында «Даму» Қорының Алматы облысы бойынша өңірлік филиалының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев,«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев,«Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева және қаржы құрылымдарының басшылары қатысты.

Жаңа филиалдың ашылуымен Алматы облысында тіркелген және бизнесін жүргізіп отырған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері несиені субсидиялау, кепілдік алу, жеңіл несие, сондай-ақ клиенттерді оқыту және сүйемелдеу бағыттары бойынша қордың қолдауына сүйене алады.

Бүгінгі таңда облыста мемлекеттік қолдауды несие сомасы 718,9 млрд теңгеден асатын 15,6 мыңнан астам жоба алған.

«Даму» Қорының Алматы облысы бойынша филиалы Қонаев қаласы, 1-ш/а, 14 Б мекенжайында орналасқан.