Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандағы шпагат пен полипропилен жіптердің ең ірі өндіруш | Фонд «Даму»

Қазақстандағы шпагат пен полипропилен жіптердің ең ірі өндірушісі.

Ел фермерлерін импорт өнімге тәуелділіктен арылтқан алпауыт компания.

Бұл өндірістің кірпіші бір кезде екі достың станок сатып алып, албар жалдап кәсіп бастауынан қаланғанын білесіз бе?

«Қарапайым шаруаға қажет өнім шығарсақ» деп 2010 жылы ашылған «КАЗполиснаб» ЖШС қазір полипропилен жіптерді көтерме және жеке саудалауда көш бастап тұр.

Содан бері мини-завод ірі зауытқа айналды. 3 000 000 кг өнім шығарды.

Қайыспай қиындыққа қарсы жүрудің арқасында өндіріс процесі жолға қойылып, занамауи технологиялық жабдықтар жұмыс істеп тұр.

Елдегі фермерлер, жылыжай ұстаушылар, құрылыс саласындағы мамандардың жоғын түгендеп, жібін ұсынып отырған компания мен сапалы өнімдер жайлы серіктестік басшысының аузынан естіңіздер.