Get Mystery Box with random crypto!

Лизинг арқылы арнайы техникалар мен жабдықтар алу! «ТехноЛиз | Фонд «Даму»

Лизинг арқылы арнайы техникалар мен жабдықтар алу!

«ТехноЛизинг» ЖШС-не «Даму-Лизинг» бағдарламасы бойынша 365 000 000 теңге көлемінде қаражат түскенін хабарлаймыз.

«Даму-Лизинг» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлер қайта сатып алу құқығымен жалға берілетін арнайы мақсаттағы техника мен көліктерді бір-бірлеп немесе бірден бірнешеуін сатып ала алады.

Бағдарламаға қатысу үшін лизингтік компанияға өтінім беру, сондай-ақ лизингтік актив құнының кемінде 20% мөлшерінде аванстық төлем жасау қажет (өтінім мақұлданған жағдайда).

Бағдарлама шарттары:
Шекті сома: 500 миллион теңгеге дейін
Мерзімі: 7 жылға дейін
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 19,5%-ға дейін
Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі: 1 жылдан аспайды

Бағдарлама туралы толық ақпаратты Қордың сайтында сілтемесі бойынша алуға болады.

Анықтама үшін байланыс телефондары «ТехноЛизинг» ЖШС: +7 (7172) 68 82 82, +7 (701) 728 65 40