Get Mystery Box with random crypto!

Хромтау қаласындағы кәсіпкерлер үшін сүйінші жаңалық! «Өркен» | Фонд «Даму»

Хромтау қаласындағы кәсіпкерлер үшін сүйінші жаңалық!

«Өркен» аймақтық жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ-на 500 млн теңге көлемінде қаражат түсті.

Бағдарлама шарты бойынша Ақтөбе облысының Хромтау шағын қаласында тіркеліп, жобаларын жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер өз ісін дамыту үшін жылдық 3 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен несие ала алады.

Бағдарлама шарттары:

Шекті сома - 30 миллион теңгеден аспайды
Несие мерзімі:
инвестициялар үшін - 5 жылдан аспайды
айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылдан аспайды
Борышкер үшін ақырғы сыйақы мөлшерлемесі - 7%-дан аспайды
Мақсатты сала - салалық шектеулер жоқ

Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Ә.Молдағұлова даңғылы 30. Тел.: +7 (7132) 70 38 08 мекенжайы бойынша «Даму» Қорының филиалына хабарласып, алуларыңызға болады.

Сұрақтар бойынша байланыс орталығы:
«Даму» қоры - 1408
ЦентрКредит Банкі - 505