Get Mystery Box with random crypto!

«Даму» Қоры «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы Қарағанды облысы бойы | Фонд «Даму»

«Даму» Қоры «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы Қарағанды облысы бойынша «Кәсіпкер» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасына 400 млн теңге көлемінде қаражат құйғанын қуана хабарлаймыз.

Қаржыландыруды Қарағанды облысындағы экономиканың басым секторларында тіркелген және жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлер пайдалана алады.

Бағдарлама шарттары:

Несиенің шекті сомасы - 50 миллион теңгеден аспайды
Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 7%-дан аспайды
Несие мерзімі:
инвестициялар үшін - 5 жылдан аспайды
айналым қаражатын толықтыруға - 3 жылдан аспайды
Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі - банктің қалауы бойынша белгіленеді, бірақ 2 жылдан аспайды.

Бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін «Даму» қорының аймақтық филиалына мына мекенжай бойынша хабарласуды сұраймыз: Қарағанды қаласы, Ермеков көш., 29. Тел: +7 (7212) 559 020.

Сұрақтар бойынша байланыс орталығы:
«Даму» қоры - 1408
ЦентрКредит Банкі - 505