Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті кәсіпкерлер! «Даму» Қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымыны | Фонд «Даму»

Құрметті кәсіпкерлер!

«Даму» Қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) БҰҰДБ-ГЭҚ «Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін азайту» жобасы және «жасыл жобаларды» дамыту аясында жәрдемдесу туралы жаңа келісімге қол қойғанын хабарлаймыз.

Жаңа келісім шарттарына сәйкес, кәсіпкерлік субъектісінің негізгі несиесінің бір бөлігін субсидиялау көлемі 25-тен 35 пайызға дейін өзгерді.

Осылайша, энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия саласындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер БҰҰДБ-ГЭҚ «Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін азайту» жобасы шеңберінде өз идеясын жүзеге асыру үшін келесі шарттарда қаржылық қолдау ала алады:

Несиенің шекті сомасы – шектеусіз
Субсидия сомасы – бастапқы қарыз сомасының 35%-нан аспайды, бірақ несиенің негізгі сомасын азайту үшін 112 500 000 теңгеден аспайды.
Іске асыру мерзімі – Қор жобаны субсидиялау туралы оң шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 150 күннен аспайды.
Несиенің мақсаты – айналым қаражатын инвестициялау және толықтыру
Жобаға қойылатын талап – жаңартылатын энергия технологияларын міндетті түрде енгізу

Бағдарлама туралы толық ақпаратты Қордың сайтынан сілтемесі бойынша алуға болады.
Анықтамалар үшін байланыс орталығы: 1408