Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті кәсіпкерлер! «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкер | Фонд «Даму»

Құрметті кәсіпкерлер!

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында бизнес-жобаларға берілетін мемлекеттік грант төңірегінде айта кететін бір жайт бар. Бұл гранттарды жергілікті әкімдіктер жанындағы кәсіпкерлік басқармалары ұйымдастырып, өткізеді. Бізге грант жайында көп сұрақ түсетіндіктен, ескертуді жөн көрдік.

«Даму» Қорының міндеті – кәсіпкердің алған сол грантының өз мақсатында жұмсалуын қадағалау.

Яғни, мемлекеттік грант беру, бермеу жайлы шешімді «Даму» Қоры емес, бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қабылдайды және конкурс комиссиясының хаттамасымен ресімделеді. Ол шешімде грант беру/бермеу себептері көрсетіледі.

Грант конкурсына қатысу шарттарына қатысты ақпарат алу үшін бизнес-идеяңызды жүзеге асыруды жоспарлап отырған өңіріңіздегі әкімдіктің кәсіпкерлік басқармасына хабарласуыңыз керек.

Ол конкурс қашан басталатыны, өтінімдер қалай қабылданатыны туралы ақпарат та өз өңіріңіздегі әкімдіктің ресми сайтында жарияланады.