Get Mystery Box with random crypto!

Бизнесіңізге арнайы техника керек, бірақ бірден ақысын төлеп с | Фонд «Даму»

Бизнесіңізге арнайы техника керек, бірақ бірден ақысын төлеп сатып алуға мүмкіндік болмай тұр ма? Қор жүзеге асыратын «Даму-Лизинг» бағдарламасы кәсіпкерлерге ірі сомаға шығындалмай, бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынады.

Бағдарлама аясында кәсіпкерлер 500 млн теңгеге дейінгі сомаға, 7 жылға дейінгі мерзімге кейіннен сатып алу үшін ауыл шаруашылығы, жол-құрылыс техникасын, арнайы техника мен жабдықты жалға ал алатын мүмкіндікке ие болады. Лизингке техника аларда кепілдік қажет емес, алған дүниесі кепілдікте тұрады. Лизингке өтінім мақұлданған жағдайда лизинг құнының кемінде 20% мөлшерінде алдын ала төлем енгізсе болғаны.

Бағдарламаға қатысу үшін лизинг компания талап еткен құжаттар пакетін жинап, жобаға өтінім беру қажет. Қормен жұмыс істейтін серіктестер тізімі:

«ForteLeasing» АҚ, +7 (727) 344 28 88, 344 28 63
«Kazakhstan Ijara Company» АҚ, +7 (727) 228 18 18
«ТехноЛизинг» ЖШС, +7 (7172) 68 82 82, +7 701 728 65 40
«Халық-Лизинг» АҚ, +7 (771) 704 06 16
«Лизинг Групп» АҚ, + 7 (702) 311 55 50
«Нұр Лизинг» ЖШС, +7 (701) 743 90 47, +7 (708) 246 52 95
«Capital leasing group» ЖШС +7 (727) 339 19 30
«Эксперт Лизинг» ЖШС, +7 (727) 973 33 31

Толық ақпарат алу үшін жоғарыда көрсетілген контакттар бойынша біздің әріптес компанияларға хабарласу керек.

Сондай-ақ, «Даму-Лизинг» бағдарламасының шарттары Қордың ресми сайтында сілтемесі бойынша салынған.