Get Mystery Box with random crypto!

«Даму» Қорының жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жүзеге асырат | Фонд «Даму»

«Даму» Қорының жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жүзеге асыратын өңірлік бағдарламалары – кәсіпкерлерді жеңіл несиемен қамтудың ыңғайлы құралы. Жергілікті атқарушы органдар өз кәсіпкерлері үшін өңір ерекшеліктерін ескере отырып бағдарлама әзірлеп, облысқа қажетті саланың дамуына жағдай жасайды.

Мысалы Шымкентте бизнес ашып, жұмысын жүргізіп жатқан талапты жандар «Іскер қала» және «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы бойынша 7 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен несие алып, жергілікті бюджет субсидиясы есебінен қарыз мөлшерін 1 пайызға дейін түсіре алады. Дәл осылай 1 пайызбен несие алуға мүмкіндік беретін бағдарлама Маңғыстау облысында да жұмыс істейді. Оның аты – «Нұр Капитал».

Ал Almaty Business бағдарламасы бойынша оңтүстік шаһар кәсіпкерлері 7%-дан аспайтын мөлшерлемемен жүз сексен млн теңгеге дейін несие ала алады. Jana Business бағдарламасы аясында алматылық ШОБ-қа 100 млн теңгеге дейін 6%-дан аспайтын мөлшерлемемен беріледі. Ақтөбе облыстық әкімдігі «Өркен» атты бағдарлама аясында 7 пайыздық несиемен Хромтау қаласының тамырына қан жүгіртуді көздейді. Елордада «Астана бизнес», Алматы облысының «Жетісу», ШҚО-да «Ақ ниет», Қарағанды облысының «Кәсіпкер», Жамбыл облысында «Береке» атты бағдарламаларға да жергілікті кәсіпкерлер қатысуына болады.

Бір ескертерлігі – бұл бағдарламаларға қаржы оқтын-оқтын бөлініп тұрады. Ал ол ақшаға сол өңірдегі кәсіпкерлер дереу өтінім беріп үлгеруі керек. Түскен қаржы толық игерілген соң бизнес келесі жолғы қаржы түсуін күтеді. Әдетте қай өңірлік бағдарлама бойынша қанша қаржы, қай банкке түскенін біз әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз арқылы бірден хабарландыру беріп отырамыз.

Ақша түскен-түспегенін, бағдарлама бизнесіңіз сай келетін-келмейтінін біліп алу үшін колл-орталыққа 1408 нөмірі бойынша хабарласып немесе өзіңіз тұратын қаладағы біздің филиалға келсеңіз менеджерлер түсіндіріп береді. Филиалдар мекенжайын damu.kz сайтының басты бетінен, инста парақшадан таба аласыз.