Get Mystery Box with random crypto!

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ForteBank-тің ұзақ ме | Forte

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ForteBank-тің ұзақ мерзімді кредит рейтингін «В+» бағасынан «ВВ-» бағасына дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам — «Тұрақты». Сонымен қатар, аталған агенттік қазақстандық ұлттық шкала бойынша банктің рейтингін «kzBBB+» бағасынан «kzA-» бағасына дейін көтерді.

«S&P Global Ratings агенттігінің рейтингті көтеруі ForteBank таңдаған стратегияның тиімділігін растайды. Бұл стратегияның астарында салмақты, консервативті кредит саясаты, өнімдерді және қызметтерді цифрландыру, олардың негізінде бөлшек және бизнес клиенттер үшін экожүйені құру жатыр. Біздің бизнес-модель өзінің тұрақтылығын көрсетті, яғни соңғы 3-4 жылдың ішінде көрсеткіштеріміз тұрақты түрде өсуде. Біз сабақтастық бағытын ұстанамыз, сонымен қатар, бөлшек нарық, ШОБ және ірі бизнесті қоса алғанда барлық сегментте жұмыс істейтін классикалық, сенімді әрі әмбебап банк ретінде қаламыз», - деп ForteBank басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бекжан Пирматов атап өтті.
***
Международное агентство S&P Global Ratings повысило долгосрочный кредитный рейтинг ForteBank с «В+» до «ВВ-». Прогноз по рейтингу — «Стабильный». Агентство также
повысило рейтинг банка по казахстанской национальной шкале с «kzBBB+» до «kzA-».

«Повышение рейтинга агентством S&P Global Ratings подтверждает эффективность выбранной стратегии ForteBank, в основе которой лежат взвешенная, консервативная кредитная политика, цифровизация продуктов и услуг и построение на их основе экосистемы для розничных и бизнес-клиентов. Наша бизнес-модель доказала свою устойчивость, за последние 3-4 года у нас стабильно растут все показатели. Мы придерживаемся преемственности, остаемся классическим и надежным универсальным банком, работающим во всех сегментах, включая розничный рынок, МСБ и крупный бизнес», - отметил исполняющий обязанности председателя правления ForteBank Бекжан Пирматов.

#iamforte