Get Mystery Box with random crypto!

Пенальти үшін талас! ПСЖ-да алғаш Неймар келген жылы Кавани п | 🔥⚽️ФУТБОЛ ӘЛЕМІ⚽️🔥

Пенальти үшін талас!

ПСЖ-да алғаш Неймар келген жылы Кавани пенальти орындаушы міндетін атқарды. Бұл Неймарға ұнамаған болуы керек. Кезекті ойынның бірінде екі футболшы бір-бірімен пенальти үшін жаға жыртысып, клубтың атмосферасына сызат түсірді. ПСЖ тез арада шешім қабылдап, Неймарды пенальти орындаушы қылды. Ал Каваниге 1 млн еуро өтемақы төледі.
Арада екі-үш жыл өтпей, жас жұлдыз Киллиан Мбаппенің Неймарға деген көзқарасы өзгере бастады. Ол жастығына қарамастан, клубтың көшбасшысы болғысы келді. 2022/23 маусымның басында Неймар пенальти орындаушы болғанмен, кейін ПСЖ ең қымбат футболшы Мбаппеннің сөзін сөйледі. Клубта бұдан бөлек жұлдызды футболшылар көп еді. Серхио Рамос, Лионель Месси кезінде өз клубтарында пенальтиді тұрақты орындаушылары болған. Сіз кімді лайық көрер едіңіз?