Get Mystery Box with random crypto!

Пайдалы пицца ⠀ Құрамы: Юфка қамыры - 2 қабат Қаймақ 15%- 2 ас | Рецепты на каждый день | Асхана | Кухня | Food recipes

Пайдалы пицца

Құрамы:
Юфка қамыры - 2 қабат
Қаймақ 15%- 2 ас қасық
Жұжық - 30-40 гр
Қызанақ - 30 гр
Ірімшік(Комо) - 100 гр

Ең алдымен Юфка қамырынан екі дөңгелек форма кесіп аламыз(бір дөңгелек формада 3-4 қатпары). Бірінші дөңгелек форманың үстінен қаймақ жағып, үккіштен өткізілген ірімшікті себеміз. Үстінен екінші қабат қамырды қоямыз. Қаймақ жағып, шұжық, қызанақ және үстінен ірімшікті сеуіп шығамыз. Табаға аздап сары май жағып, баяу отта 10-15 минут пісіреміз.

Ас болсын. Шын мәнінде өте дәмді шығады. Енді тез, дәмді әрі пайдалы пиццаны осы тәсілмен жасайтын болдым.


Фото рецепттер: @damxana