Get Mystery Box with random crypto!

ӨЗБЕКШЕ НЕМЕСЕ ОҢТҮСТІКШЕ ПАЛАУ. Құрамы: Ет - 0,5кг Пияз - 3 | Асхана | Рецепт | Торт | Салат

ӨЗБЕКШЕ НЕМЕСЕ ОҢТҮСТІКШЕ ПАЛАУ.

Құрамы:
Ет - 0,5кг
Пияз - 3 бас
Сәбіз - 5-6дана
Күріш "Лазер" Ташкент - 0,5кг
Сарымсақ - 2
Тұз - 3 ас қасық толтырып
Дәмдеуіш - 1 ас қасық
Сұйық май
Дайындалуы:
Жалпы күрішке байланысты барлық қоспаларды өлшеп қоса бересіздер, мысалы біз жарты кг күріш қолдандық.
Күрішті ыстық қайнап тұрған суға салып, 1 ас қасық тұз сеуіп қоямыз.
1) Май әбден қызған кезде ет саламыз, еттің бетін жаппай екі бетін аударып қызартып аламыз
2) Пиязды дөңгелектеп турап үстіне саламыз
3) Пияз жұмсарғанда сәбізді салып үстіне 2 ас қасық себеміз де дәмдеуіш саламыз
4) Сәбіз жартылай пісті ау дегенде су құмыз жауып тұратындай, 2 бас сарымсақ саламыз
6)15-20 минуттан кейін күрішті саламыз
7) Су күрішті жауып тұру керек, 15 минуттан кейін қазанды ашып күрішті аударамыз, барлық жері тегіс пісу үшін.
8) Араларын пышақпен немесе қасықпен тесіп ойық жасаймыз, арасында су қалмау керек.
9) Тағы 10-15мин тұрса пісті!
Авторы: Moldir rysbai